27 май күні мектебіміздің "Ақиқат" дебат клубының мүшелері "Балалар үні" тақырыбында пікірсайыс ойындарын өткізді. Ойынның мақсаты: оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өз әрекеттері үшін өзіне және қоғамға деген жауапкершілікті сезіну, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.