16
май
2025
"Түлектер күні"
үгін мектебімізде Georgievka Orta Mektebi ерекше жылы, ұмытылмас "Түлектер күні" өтті. Таңертеңнен бастап мектеп ауласында 11-сынып түлектерін қуанышпен, шат күлкімен, шапалақпен және мектеп туралы әндермен қарсы алдық.
Мектебіміздің дәстүрі бойынша түлектер сынып жетекшілерімен бірге мектеп розарийіне раушан гүлдерін отырғызды


– бұл өткен жылдарға деген алғыс пен мектеппен байланыс белгісі ретінде. Одан кейін түлектер қызыл кілеммен жүріп өтті, әрқайсысына олардың жақсы қасиеттері айтылып, жылы лебіздер білдірілді.
Күні бойы мектеп парламентінің оқушылары түлектер үшін көңілді үзілістер ұйымдастырды – ән айтып, ойындар ойнап, естеліктермен бөлісті. Түлектер сүйікті әндерін орындап, көңілді сәттермен бөлісті.
Мектеп психологтары Айгерим Ахметова мен @balnur.k44 акт залында түлектерге қолдау көрсетіп, мотивация беріп тренинг жаттығуларын өткізді. Одан соң ұстаздардың шынайы құттықтаулары мен жылы тілектерінен құралған әсерлі бейнежазба көрсетілді.
Бұл күннің ең ерекше сәттерінің бірі – мектеп президенті Толеугалымова Анеля әрбір түлекке жеке жазылған хаттарын табыстады. Бұл жүректен шыққан қолдау мен шабыт сөздері түлектер үшін өте маңызды әрі есте қаларлық болды.
Кешке соңғы мектептік би кеші өтті – түрлі тапсырмалармен, бейнежазбалармен және тосынсыйлармен ерекше әсер қалдырды.
Бұл "Түлектер күні" мектебіміздің игі дәстүріне айналса екен дейміз – әр жылы түлектердің осы мейірім мен қолдауды жүректен сезінгенін қалаймыз.