17
май
2024
«Өмірімнің бақытты сәттері!» позитивті ойлауға дағдылану тақырыбында тренинг
отдела образования Жарминского района КММ-де 17 май күні мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай мектеп түлектерінің өзін тану арқылы өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, емтихан алдында бойларына сенімділік орнату және позитивті ойлауды қалыптастыру мақсатында «Өмірімнің бақытты сәттері!» позитивті ойлауға дағдылану тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар қиялдарына ерік беріп, «Кедергіден өту» ойынын ойнап, өз болашақтарын «Армандар картасы» арқылы суреттерді қағаз бетіне жабыстырды. Тренинг соңында қатысушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін «Жарқын болашақ» жаттығуы арқылы жеткізіп, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. Алдағы уақытта мектеп түлектеріне тек Ақ жол тілейміз!











