02
октябрь
2023
«Табысты түлек»
Мектебімізде "Еңбек күні" мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Ш.Уайданованың ұйымдастыруымен «Табысты түлек» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонағы ретінде мектеп түлегі, "Алтын белгі" белгісінің иегері, бүгінгі күні жеке кәсіпкер - омарташы Ахмеджанов Тамирлан қатысып, оқушылармен қызықты әңгіме жүргізді. Тамирлан өзінің кішкене күнінен аталған кәсіпке қызығушылық танытып, 10 жасынан омарташылықпен айналысқанын жеткізді. Оқушылар үшін қызықты әрі тың ақпаратымен бөлісіп, практика жүзінде жасаған балдарын таныстырды. Тамирланның еңбегі жана берсін деген тілек білдіреміз!#Біртұтас_тәрбие

















