19
май
2022
Аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі
Балалар жылы аясында Жарма ауданының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың дарынды оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің республикалық, облыстық деңгейде жетістікке жетіп жүрген оқушылары Құрлус Аяулым, Андраш Балнұр, Токтарбек Аружан және Есен Мақсат қатысты. Тоқтарбек Аружан мен жетекшісі Д.М.Рахимгалиев және Есен Мақсат аудан әкімі Н.Сақтағановтың Алғыс хатымен, ал Құрлус Аяулым мен Андраш Балнұр білім бөлімінің басшысы К.Шаймуратовтың Алғыс хатымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.







