04
ноябрь
2022
Оқушылар өрт сөндіру бөліміне барып қайтты
Күзгі демалыс жоспарына сәйкес 4 ноябрь күні болашақ мамандықтарын анықтау, таңдау мақсатында мектебіміздің 8-сынып оқушылары жергілікті өрт сөндіру бөліміне барып қайтты. Бөлімшеде арнайы мамандар өрт қауіпсіздігінен бастап, өрт кезіндегі іс-әрекеттерімен, көлік, құрал-жабдықтарымен және өрт сөндіруші мамандығының қыр-сырымен таныстырды. Оқушылар өздеріне жаңа ақпарат алып, қызыға тыңдады.
















