«Мен сүйіспеншілікке толымын»
12 мамыр күні «Георгиевка орта мектебі» КММ–де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай жағымсыз күйден арылу, өзін еркін сезінуге көмектесу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында 9 «А» сынып оқушыларымен «Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында «Мейірімді эмоция», «Адасқан әріптер», «Аддамс отбасы», «Көңілді шарлар» атты ойындар ойнатылды.