Профилактикалық әңгіме
"Георгиевка орта мектебі" КММ- де 9-11-сынып оқушыларымен Жарма АПБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Дмитриенко Виктория Александровна және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мұратов Ринат Мирланұлы құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды заттарға жол бермеу, көлік қозғалысы, түнгі уақытта көшеле жүрмеу жайлы профилактикалық әңгіме жүргізді. Сұрақ-жауаппен алмасып, балалар құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша біршама ақпарат алды.