«Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында психологиялық тренинг
«Георгиевка орта мектебі» КММ – де мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен «Мен сүйіспеншілікке толымын» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Сыныптағы психологиялық климатты жақсарту, оқушылар арасындағы позитивті қарым-қатынасты дамыту және сынып ішіндегі ұйымшылдық пен бірліктің маңызын түсіну мақсатында жүргізілген тренинг барысында «Комплимент», «Мандала», «Түрлі – түсті доптар» ойындарын қызыға ойнап, жоғары көңіл-күйде болды.