"Нан - тамақтың атасы, ынтымақ - көптің батасы" атты бауырсақтар
"Георгиевка орта мектебі" КММ-де Наурыз мерекесіне орай 7-8-сыныптары арасында "Нан - тамақтың атасы, ынтымақ - көптің батасы" атты бауырсақтар сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар бауырсақтың ши бауырсақ, ұсақ бауырсақ, қытырлақ бауырсақ, сорпаға иленген бауырсақ, үлкен бауырсақ, т.б. түрлерін әкеліп, олардың құрамын, пісірілу жолдарын түсіндіріп, әр сынып өз бауырсақтарын қорғады. Балалар үшін аталған сайыс қазақ халқының ұлттық тағамын қастерлеп, қадірлеуге үйренетін игі іс-шара