15
май
2021
«Кляксография» техникасында сурет салу
«Георгиевка орта мектебі» КММ –де мектеп психологтары А.Фазымова мен А.Кокиеваның ұйымдастыруымен оқушылардың зейін тұрақтылығы мен шығармашылық қиялдарын дамыту мақсатында 3«Б» және 3«Д» сынып оқушыларымен арт-терапия элементтерінің бірі – «кляксография» түтікшемен сурет салу және ермексазбен психологиялық жұмыстар жүргізілді. Кляксография техникасындағы арт - терапияның мақсаты өзіне деген сенімділікті арттыру, өзін-өзі көрсету, шығармашылық қиялы және шығармашылық ойлауды дамыту деп атауға болады. Жұмыс барысында оқушылармен саусақтарға арналған гимнастикалық және зейінді дамытуға арналған ойын жаттығулары өткізілді.
«Кляксография» техникасында сурет салу баланың дамуына үлкен әсер етеді:
* қиялды дамытады;
*ұсақ моториканы дамытады;
*сурет салуға қызығушылық тудырады;
*бейнелі ойлаудың дамуын ынталандырады;
* бала бойындағы қобалжу мен үрейді төмендетуге көмектеседі.
«Кляксография» техникасында сурет салу баланың дамуына үлкен әсер етеді:
* қиялды дамытады;
*ұсақ моториканы дамытады;
*сурет салуға қызығушылық тудырады;
*бейнелі ойлаудың дамуын ынталандырады;
* бала бойындағы қобалжу мен үрейді төмендетуге көмектеседі.