13
октябрь
2020
«Ең үздік жыл психологы» облыстық байқауының аудандық кезеңі
Жарма ауданы мектептерінің педагог-психологтары арасында «Ең үздік жыл психологы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты: талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау. Байқауға І категория бойынша 3 жылға дейін еңбек өтілі бар "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің психологы А.Ж.Фазымова қатысып, І жүлделі орынды жеңіп алды және облыстық кезеңге жолдама ұтып алды.