8"В" сыныбы Семей қаласына бір күндік жорыққа барды
17 маусым күні 8"В" сыныбы Семей қаласына бір күндік жорыққа барып, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық музейін аралады. Шоқан Уалиханов атындағы теплоходқа отырып, Ертіс өзеніне саяхаттады. Соңында кинотеатрда кино тамашалап, ерекше демалыс өткізді.