01
июнь
2022
"Күншуақ" жазғы лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиын.
Балалар жылына орай, "Георгиевка орта мектебі"КММ-де 1 маусым - балаларды қорғау күнімен қатар келген мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынның құрметті қонағы ретінде Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің және мектепішілік қамқоршылық кеңестің белсенді мүшесі Қ.М.Мапетов қатысты. Салтанатты жиында оқушылар өз өнерін көрсетіп, жиын соңында мектебімізге үнемі қолдау көрсетіп жүретін жеке кәсіпкерлер С.И.Кожевникова мен А.Ж.Жабуовтың демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне қайтарылды.