Қонаев қаласындағы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру лагері
Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында Қонаев қаласындағы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру лагеріне мектебіміздің дарынды оқушысы, спорттық, әскери-спорттық сайыстардың жүлдегері Жұмағазы Шұғыла барып, демалып қайтты. Шұғыла өзіне жаңа достар тауып, лагерь кезінде де түрлі әскери-спорттық сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанып, есте қаларлықтай қызықты күндер өткізді.